Әлем
1 мин оқу 160

Француз мұғалімдері жаппай шеруге шықты

<p style="text-align: justify;">Еуропада жаппай шерулер өтіп жатыр. Алайда, жақында болған шектеулерге қарсы митингілерден айырмашылығы, халық қазір карантиндік шараларды күшейтуді талап етуде, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Нақтырақ, Француз мұғалімдері сыныптардағы оқушылар санын азайтып, бөлмелерді дезинфекциялау ережелерін енгізу қажет деп санайды.

Айта кетейік, осы аптаның басынан Черногория астанасында коменданттық сағат орнатылды.

Италияда жаппай жалпыұлттық карантин енгізу мәселесі талқылануда. 14 қарашадан бастап Ливанда қайтадан «локдаун» енгізіледі.

Осылайша, билік өкілдері орын алған жағдайдан шығудың жолын іздеуде – соңғы бірнеше күнде Еуропадағы COVID-19 өлім көрсеткіші барлық рекордтарды жаңартты.

Бөлісу:
Француз мұғалімдері жаппай шеруге шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар