Аймақтар
1 мин оқу 250

Павлодар облысында бір мектеп карантинге жабылды

<p style="text-align: justify;">Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысында бір мектеп карантинге жабылды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген. Оның 23-інде індет белгілері бар.

"37 бала қашықтықтан білім алды, ал 24 бала мектепке барды. Сонымен қатар, педагогтер арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді. Оның төртеуінде COVID-19 симптомы жоқ. Қазіргі таңда Ақсудағы №2 орта мектеп карантинге жабылды",  делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, білім ордасында оқитын бірінші сыныптың екі оқушысы мен педагог коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар Тереңкөл ауданы, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз және облыс орталығының оқушылары арасында да коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Алайда бұл оқу процесіне әсер етпеген.

Бөлісу:
Павлодар облысында бір мектеп карантинге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар