Оқиға
3 мин оқу 0

Тәуелсіздік жолын безбендеу (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев залы ашылды)

<p style="text-align: justify;">Егемендіктің ширек ғасырдан астам шежіресі Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасынан айналып өте алмайтыны енді ақиқат. Тәуелсіздіктің елең-алаңында мемлекет басшылығына келген Елбасының ерен еңбегі, өзге елдермен терезесі тең қарым-қатынас орнатуда жүріп өткен жолы, айналасындағы көршілерімен тұңғыш рет шекарасын шегендеуі &ndash; бәрі де уақыт еншісіне енгенімен, ұмытылмауы &ndash; парыз бен қарыз.</p>

Тәуелсіздік жолын безбендеу (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев залы ашылды)

Тәуелсіздік тарихын безбен­деу­­дегі біт­кен істің бірі – Әл-Фа­ра­­би атындағы ҚазҰУ-да Қазақ­­­­стан Республикасының Тұң­­ғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Ә.На­зар­­баев залының ашылуы болды.

Тұңғыш Президент күніне орайлас­ты­рылған іс-шараға Қазақстан Республи­касы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасының директоры, саяси ғылым­дар докторы, профессор Әмірхан Ра­хым­жанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, уни­вер­­ситет ғалымдары, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты. Олар БҰҰ-ның тұрақ­ты даму бойынша «Академиялық ық­пал» бағдарламасын жүзеге асыратын жаһан­дық хабтың жұмысымен танысты.

Бұл хабқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мәңгілік ел» тарихи-көркем кешені жетекшілік етеді. Кешенге әл-Фараби музейі, «Алаш», «Абай», Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Ел­басы залдары, «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік ел» экспозициялары кіреді. Меймандар жоғары оқу орнының ғылы­ми кітапханасымен танысып, XVII ғасыр­дың сирек кездесетін басылымдары мен бірегей араб, шағатай қолжазбаларын тамашалады.

Әмірхан Рахымжанов 300-ден астам әлем­нің ірі жоғары оқу орынымен серік­тес­тік­ке ие, мемлекеттің мықты кадрларын даярлайтын ұстахана ретінде Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ-дың рөлін атап өтті.

«2009 жылғы 13 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан дағдарыс­тан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» дәрісін ҚазҰУ-да оқыған болатын. Бұл дәріс таяу­да жарық көрген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың әлемнің жетекші уни­верситеттерінде оқыған дәрістері» кітабына енген. Тұсауы кесілген зал – тәуелсіз мемлекеттің құры­луы мен нығаюы тарихынан сыр шертетін материал­дарды тоғыстырған ағарту орталығы. Ел­басы мұрасы – ел келешегінің іргетасы. Бұл залға келген жоға­ры оқу орнының кез келген сту­денті мен қонағы дамуға қажет­ті серпінді ала алады», деді Әмір­хан Рахымжанов.

Іс-шара барысында Елбасы кітапханасы университетке мекеменің авторлық 100 кітабын сыйға тартты. Бұл басылымдарды дайындаған жұмыс тобына Елбасы Кеңсесінің басшысы, сая­си ғылым­дар докторы, профессор М.Б.Қасымбеков жетекшілік еткен.

1

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Елбасы кітап­хана­сының көп­жыл­дық серіктестігіне риза­шы­­лығын білдіріп, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы­ның Тұңғыш Пре­зи­денті залын құруда қолдау танытқанына алғысын айтты.

«Бұл залдың құндылығы – маңызды ақ­па­раттардың магистранттарымыз және док­то­­ранттарымызға қолжетімді ете түсуін­де. Бұл жерде еліміздің жетекші ғалым­­дары бас­­таған конференциялар мен форум­дар өте­­тін болады. Зал  материал­дары әлі де то­­лы­ға бермек. Бұл істің шы­мыл­ды­ғын ашып, кітап­ханамыздың қорын ұлт тари­хымен су­сындатқан Елбасы кі­тап­хан­асы­на алғысы­мыз зор», деді Ғалым­қайыр Мұтанов.

Залдың қазіргі қоры тәуел­сіздіктің алғаш­қы жылдарын қарастырған Елбасы­ның ғылыми зерттеулері мен кітаптарынан, өзге де материалдардан құралған. Бұл жерде архив құжаттары көшірмелері, фото, бей­неқұ­жат­тар, баспа материалдары, Елба­сы­ның балалық шағы мен студент кезі, ең­бек жолы мен қо­ғам­дық-саяси қыз­меті ту­ралы фильмдер ұсынылған.

Студенттер мен ғалымдардың назарына ұсынылатын Елбасы кітапханасының «Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлем­­нің же­тек­ші университеттерінде оқы­ған дәрістері» кітабы Нұр­сұлтан Назар­­баевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты ірі жо­ғары оқу орындарында оқы­ған дәрістерін қамтиды.

Зал ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар­лар­дың ұйтқысына, сарапшылар қауымдастығы мен мәдениет, білім саласының майталмандары мен мамандарының басын қосатын ошаққа айналмақ.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Тәуелсіздік жолын безбендеу (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев залы ашылды) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар