Аймақтар
1 мин оқу 150

Қостанай облысында карантин күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло тағы бір қаулыға қол қойды. Құжат 11 қарашада күшіне енді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Қаулыға сәйкес, енді аймақта такси сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде маска тағуы керек.

Шаштараз, спа-орталығы, сұлулық салоны, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметі, массаж салоны, тұз шахталары алдын ала жазылу арқылы, бір келушіге төрт шаршы метр орын дайындап, сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі күні бұл қызметтер жұмысты тоқтатады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде минимаркет, супермаркет, гипермаркеттердің жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін болады, ал дәріханалар шектеусіз жұмыс істейді. 

Қаулының толық мәтіні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Бөлісу:
Қостанай облысында карантин күшейтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар