Спорт
1 мин оқу 340
Головкиннің Шереметадан кейінгі қарсыласы кім болады?
<p style="text-align: justify;">EsNews Youtube-арнасының авторы Эли Секбах қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) Шереметадан кейінгі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Журналистің пікірінше, Головкин Шереметадан кейін 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері бразилиялық боксшы Эскива Фалькаомен (27-0, 19 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Ол GGG-ді бірнеше рет сынап көріп, жекпе-жекке шақырды, алайда Фалькаода кәсіби рингте мақтанарлық ештеңе жоқ.
Ол бес жыл бойы өнер көрсетіп жүргенімен, титулдық жекпе-жек өткізбеген.
Еске сала кетейік, Головкин – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Бөлісу: