Әлем
1 мин оқу 144

Минскте маска тағып жүру міндеттелді

<p style="text-align: justify;">Беларусь астанасы Минскіде маска тағып жүру тәртібі енгізілді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Бүгін Минскі қалалық атқарушы комитетінің отырысында жедел респираторлы вирусты инфекция мен коронавирустың алдын алу шаралары бекітілген №1069 шешімге өзгерістер енгізілді.

"Адамдар жұмыс орнында ғана емес, астанадағы кез келген мекемеге барғанда маска тағып жүруі міндетті. «Сондай-ақ, автобус, метро, такси сынды қоғамдық көліктің бәрінде маска тағып отыру қажет", деп толықтырды астана мэриясы.

Бүгіннен бастап қалада COVID-19 бен вирустық инфекциялардың алдын алу талаптарын қадағалау күшейтіледі. Жекеменшік нысандарының кез келген түрінің жетекшілері санитария-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына барлық жағдайды жасауға міндетті.

Бөлісу:
Минскте маска тағып жүру міндеттелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар