Саясат
1 мин оқу 393

Заңсыз қару сақтағандарды анықтады

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы полиция департаментінің бұйрығына сәй&shy;кес қа&shy;ра&shy;ша айының 5-7-сі ара&shy;лығында облыс көлемінде &laquo;Қа&shy;ру&raquo; жедел-профилактикалық іс-ша&shy;расы жүргізілген.</p>

Заңсыз қару сақтағандарды анықтады

Күн сайын қару саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары күндіз-түні жұмыс жасады. Нәтижесінде, Бәйді­бек ауданы бойынша бұрын-соң­ды ішкі істер органдарында тір­кел­меген және құжаттары жоқ 6 дана тегіс ұңғылы аңшы қару­ла­ры тәркіленіп алынды.

 ҚР ҚК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қару­ды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өт­кізуі, сақтауы, алып жүруi, та­сы­малдауы» бойынша 6 жайт, 484-бабы «Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iс­тер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қыз­­меттік, марапаттық, кол­лек­­ция­­лық қаруды, оның пат­рон­да­рын иелену, беру, есеп­ке алу, сақ­­тау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасы­ның аумағына әкелу, Қазақстан Рес­публикасының аумағынан әке­ту және Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағы арқылы транзит­пен өткізу тәртібін бұ­зуы» бо­йынша бір дерек тір­келген. Қазіргі таңда аталған жайт­тарға байланысты қажетті сараптамалар тағайындалып, аталған қарудың барлығы тәр­кіленіп алынды. Сонымен қа­тар заңсыз қару сақтаған тұр­ғындарға осы баптар бойынша хаттама толтырылды.

Бөлісу:
Заңсыз қару сақтағандарды анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар