Руханият
1 мин оқу 360

«Кейіпкер» оқырманға жол тартты

<p style="text-align: justify;">Жуырда астанадағы Жазушылар үйін&shy;де жас қаламгер, халықаралық &laquo;Ша&shy;быт&raquo; жастар сыйлығының лауреаты Бақыт&shy;гүл Сәрмекованың &laquo;Кейіп&shy;кер&raquo; атты кіта&shy;бының тұсау&shy;кесері өтті.</p>

«Кейіпкер» оқырманға жол тартты

Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулет­керей Кәпұлы жүргізген шараға елордалық жазушылар мен оқырмандар қатысты. Белгілі авторлар Төкен Әлжантегі, Толым­бек Әбдірайым және жас жазушылар Есбол Нұрахмет, Бақытбек Қадыр сынды басқа да кітапсүйер қауым «Кейіпкер» жина­ғына енген «Ақындардан жеріну», «Қоңыр үй, ақ жигули» әңгімелерін талдап, автор­дың қысқалық концепциясына һәм суреттеу ерек­шеліктеріне тоқталып, пікір білдірді.

Айта кетейік, «Кейіпкер» кітабы «Қалам­­гер» баспасынан 2000 данамен жарық көріп отыр.

Бөлісу:
«Кейіпкер» оқырманға жол тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар