Хоккей
1 мин оқу 123

ҚХЛ-дің антирекордын қайталады

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың &laquo;Барыс&raquo; командасы тұрақты бі&shy;ріншіліктің кезекті тур ойынында &laquo;Локомотив&raquo; клубымен кездескен бо&shy;латын.</p>

ҚХЛ-дің антирекордын қайталады

Сол матчтың бірінші 20 минутында қарсылас команданың қақпасына бар-жоғы екі соққы жасаған Юрий Михайлис шәкірттері ҚХЛ-дің осы маусымдағы анти­рекордын қайталады. Бұған дейін Мәскеудің «Динамо», «Спартак» және Ярославльдің «Локомотив» ұжымы бір кезеңде екі соққы жасаған-ды. Енді бұл қатарға Қазақстанның «Барыс» клубы қосылды. Кейінгі орындарда ЦСКА мен «Спартак» командалары тұр. Олар 20 минутта үш соққы жасаған.

Айта кетейік, «Локомотивпен» өткен ойында жерлестеріміз айдын иелерінен 7:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бөлісу:
ҚХЛ-дің антирекордын қайталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар