Аймақтар
1 мин оқу 200
Алматының ортасында қаруланған ер адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.</p>
11 қараша сағат 22.00-де кезекші бөлімге Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында қаруы бар ер адам жүргені туралы хабарлама түседі.
Содан кейін айтылған мекенжайға шыққан Ұлттық ұлан әскерилері Қонаев-Мәметов көшелерінің қиылысында ер адамды табады. Ол тәртіп сақшыларын көріп, қашуға тырысады. Алайда әскерилер оны ұстаған.
Ұсталған орынға Медеу ауданы ПБ тергеу-шұғыл тобы шақырылған. Сол жерде 26 жастағы азаматтан екі газ және нөмірі өшіп қалған сигналдық тапанша тәркіленеді.
Бөлісу: