Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қызылордада "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

11 қараша күнгі рейд барысында полицейлер облыс орталығының сауналардың бірінен тұтынушыларға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан қала тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осы шара аясында қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 18 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынудың 2 дерегі анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449 және 450 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.