Елорда мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу екпіні бойынша "сары аймаққа" енуіне байланысты, жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық снаитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді", делінген ақпаратта.
Басқарманың хабарлауынша, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиялогиялық жағдайға тәуелді. Егер өзгерістер болса, ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады.