Атырау облысында 39 млн 300 мың тонна мұнай өндірілді
<p style="text-align: justify;">Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, Атыраудың әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мұнай-газ секторымен байланысты болып отыр. Биылғы он айда бұл салада 39 млн 300 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Өнеркәсіптік өнімдегі аталған сектордың үлесі 88 пайызды құрайды. Қазақстандағы мұнай көлемінің 55 пайызы осы өңірден өндіріледі. Қазір мұнай-газ саласында бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде маңыздысы – Теңіз кен орнындағы келешек кеңейту жобасы. Оның жалпы құны – 46 млрд доллар. Бұл жоба аталған кен орнынан өндірілетін мұнайды жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді", дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің пікірінше, Теңіз кен орнын кеңейту жобасына 300-ге жуық қазақстандық компания тартылып отыр. Жобада 27 мың адам жұмыс істейді.
"Бұл жобаның 80 пайызы іске асырылды. Мұнай-газ саласындағы тағы бір ауқымды жоба – Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру. "Қашаған" кен орнынан он айда 12 млн 700 мың тонна мұнай өндірілді", дейді облыс әкімі.