Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдады
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі апта сайынғы онлайн-қабылдауда 10-нан астам тұрғынды қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/CHiMPUyH8-5/?igshid=1ryr6jj2lacx6">Инстаграм</a> парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Апта сайын өтетін онлайн-қабылдауда 10-нан астам тұрғынды қабылдадым. Қала тұрғындары көтерген мәселелерді жоспарлы түрде шешу партияның қалалық сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, елді-мекендерді, инфрақұрылымды дамыту, мектептер, медициналық мекемелер салу және т. б.
Қабылдауларда көтерілетін мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады. Қалғандарын жұмысқа аламыз. Қала тұрғындарының мәселелерінің орындалу мәртебесін қадағалау үшін онлайн-жүйе жұмыс істейді", - деп жазды Алтай Көлгінов.