Өнер
1 мин оқу 490

Этнокөрме арқылы ел тарихын таниды

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; атты мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде &laquo;Дала фольклорының антологиясы&raquo; атты этнокөрме өтті. Аталған шара мақалада көрсетілген жеті негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды.</p>

Этнокөрме арқылы ел тарихын таниды

Шараға музейдегі тарихи ат әбзелдері, орта ғасырлардағы зергерлік әшекейлері, мектеп оқу­шы­ларының тақырыпқа сай қолөнер туындылары, «№3 Байзақ колледжі» студент­терінің қолдан жасалған метал­л бұйымдары және аудан­дық ор­талықтандырылған кітап­ха­на­лар жүйесінің кітаптары қойы­лып, олар жергілікті мекеме қыз­меткерлері мен оқушыларға, жалпы қатысушыларға таныстырылды.

Шара негізінен байқау форматында өтті. Аталған іс-шарада студенттер мен оқушылар өздері жасаған бұйымдарын көпшілікке таныстырды. Мақаланың «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң сти­лі», «Алтын Адам», «Түркі әле­­мі­нің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қыз­­ғалдақтың отаны» сияқты тараулары жөнінде де кеңінен мә­ліметтер берілді. Мұндай ша­раның Байзақ жерінде өткі­­зілуі де тегін емес. Себебі екі мың жыл­дан астам тарихы бар Тараз шаһа­рының іргесінде тұр­ған аудан да өзіндік тарихы­мен бай өлке. Бір ғана тарихи Түй­мекент қала­шығының өзі талай сырды бүгіп жатыр. Жинал­ған көпшілікке ұлы дала­ның бір бөл­шегі – Бай­зақ топы­рағы ту­ралы да тиісті мәлімет­тер беріл­ді. Ерекше этно­көрменің қоры­тындысы бо­йынша, «№3 Байзақ колледжінің» сту­денттері бірінші орынды же­ңіп алса, Диқан тірек және Қос­төбе мектептері екінші және үшін­ші орындарды иеленді. Шара­ға белсене атсалысқандар Ал­ғыс хаттармен марапаттал­са, жеңім­паздарға естелік сый­лық­тар табыс етілді.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Этнокөрме арқылы ел тарихын таниды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар