Хоккей
1 мин оқу 170

«Нефтехимиктен» басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойынын Нижнекамскіде өткізіп, жергілікті &laquo;Нефтехимик&raquo; ұжымынан айласын асырды.</p>

«Нефтехимиктен» басым түсті

Бұған дейінгі ойында «Локомотивтен» ірі есеппен жеңілген соң, «Барыс» хок­кейшілеріне психологиялық тұрғыдан бұл кездесу қиынға соқты. Дегенмен жер­лес­теріміз жеңіс үшін барын салды. Матч бастала сала жылдам шабуыл ұйымдас­тырып, кездесудің 3-минутында есеп ашты. Гол авторы – Линус Виделль. Бұл – швециялық шабуылшының кейінгі төрт ойындағы үшінші голы. Арада 5 минут өткенде «Нефтехимик» хоккейшісі Марат Хайруллин ойындағы есепті теңестіріп кетті. Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші 20 минут қонақтар үшін сәтті бас­талды. Елордалық клуб хоккейшілерінің жыл­дам шабуылы Якоб Лилияның голымен аяқталып, есеп 2:1-ге жетті. «Барыс» ойын­шы­лары есептегі үстемдікті матч соңына дейін сақтап, маңызды жеңіске қол жеткізді. Осы­лайша, сырт айдындағы үш ойынды жеңіс­пен бастап, жеңіспен түйіндеді. Алғаш «Се­вер­с­тальды» 3:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде «Ло­комотивтен» 7:2 есебімен оңбай жеңілген-ді.

Бөлісу:
«Нефтехимиктен» басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар