Әлем
1 мин оқу 74

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Ресейде соңғы тәулікте 352 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штабытың мәліметі бойынша, Мәскеуде 75, Санкт-Петербургте 41, Ростов облысында 14 өлім тіркелген. Пандемия басталғалы бері аталған елде 33 186 адам коронавирустан көз жұмды.

Кеше Ресейдің 85 аймағында 22 572 адамнан коронавирус анықталды. Оның басым бөлігі Мәскеуде тіркелген. Онда 4 266 адам індет жұқтырған.

Айта кетейік, Ресейде пандемия басталғалы 1 925 825 адам коронавирус жұқтырды.

Бөлісу:
Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар