Аймақтар
1 мин оқу 680

Атырауда ұзындығы 1 шақырымға жуық горизонталды ұңғыма бұрғыланды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында алғаш рет 1 шақырымға жуық горизонталды ұңғыма бұрғыланды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда ұзындығы 1 шақырымға жуық горизонталды ұңғыма бұрғыланды

"Ембімұнайгаз" АҚ соңғы жылдары кен алаңдарында горизонталды ұңғымаларды бұрғылау технологиясын белсенді қолдануды қолға алды. Аталған технология – байырғы кен алаңдарында қалған қорды игеруге жол ашатын әдіс. 

"Бұл вертикалды ұңғымаларды алмастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға тасталар зиянды қалдықтардың көлемі азаяды. Мұндай әдіс игерілуі қиын кен орындарының өнім беру мерзімін ұзартады. Горизонталды ұңғымаларды бұрғылау әдісінің тиімділігі дәлелденді. Оның өнімділігі вертикалды ұңғымаларға қарағанда 8-10 есе жоғары болды. Сол себептен, 2021 жылы тек горизонталды ұңғымаларды бұрғылау жоспарланып отыр", дейді "Ембімұнайгаз" АҚ-ның кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қайрат Көзов.

"Ембімұнайгаз" АҚ-ның кен алаңдарында екі жылда 14 горизонталды ұңғыма қазылған. Соның ішінде Гран кен орнындағы ең ұзын горизонталды секциясы да бар. Оның  ұзындығы 1 шақырымға жуықтайды.

Бөлісу:
Атырауда ұзындығы 1 шақырымға жуық горизонталды ұңғыма бұрғыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар