Спорт
1 мин оқу 170

«Астана» атауы өзгереді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Astana Pro Team вело&shy;ко&shy;мандасының атауы келесі жыл&shy;дың 1 қаңтарынан бастап Astana-Premier Tech болып өзгереді. Бұл тура&shy;лы &laquo;Са&shy;мұрық-Қазына&raquo; АҚ баспасөз қыз&shy;меті хабарлады.</p>

«Астана» атауы өзгереді

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық нарықта 30 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі бар канадалық Premier Tech компаниясы Astana Pro Team кәсіби велоклубының жаңа иесі атанады. Осыған байланысты клуб өз атауын Astana-Premier Tech деп өзгертеді», делінген хабарламада.

Бұған дейін велокоманданың бас серіктесі атанып келген «Самұрық-Қазына» келесі жылдан бастап клубты қаржыландыруды 50 пайызға қысқартады. Десе де «Астана» UCI бекіткен әлемдік Гран-тур жарыстарына қатыса береді. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстау­дың орынсыз екенін атап өткен болатын.

Бөлісу:
«Астана» атауы өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар