Ауа райы
1 мин оқу 240

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен, бұрқасын болып, қар жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Ал еліміздің батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізетіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында тұман түседі.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, күндіз Түркістан облыстарыныңкей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында тұман түсуі ықтимал.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар