Әлем
1 мин оқу 224

Қазақстан Қырғызстанға медициналық көмек жібереді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі", делінген хабарламада.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданғаны айтылады.

Бөлісу:
Қазақстан Қырғызстанға медициналық көмек жібереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар