Әлем
1 мин оқу 270

Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

<p style="text-align: justify;">Токио олимпиадасы&nbsp; көрермендердің қатысуымен 2021 жылдың жазында өтеді. Бұл жөнінде халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді.</p>

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах 2021 жылы Токио олимпиадасы көрерменнің қатысуымен өтетінін мәлімдеді.

Губернатор Юрико Коикэ Токио коронавирусқа қарсы шаралар әзірлеу үшін, көрерменнен 4 жылда бір өтетін әлемдік шараны қауіпсіз тамашалау үшін бар күшін салатынын айтты. Бұған дейін Олимпиада коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Айта кетейік, олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесінде басталып, 8 тамызда мәресіне жетеді.  

Бөлісу:
Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар