Аймақтар
1 мин оқу 240

Жедел жәрдем арнаулы көлікпен толықтай қамтылды

<p style="text-align: justify;">Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның бәрі алдымен жедел жәрдемге жүгінеді. Алайда жедел жәрдемнің кешігетіні бар. Бұрын мұның себебін мамандар арнайы көліктің тапшылығымен түсіндіруші еді. Енді мұндай сылтау айтылмайтын шығар.</p>

Жедел жәрдем арнаулы көлікпен толықтай қамтылды

Соңғы кезде өңірдегі жедел жәрдем стансасына жаңа көліктер лек-легімен беріліп жатыр. Жақында ғана 18 көлік берілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құ­рал-жабдықтармен қамтамасыз етіл­ген. Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды.

– Жаңа көліктердің сегізі аудандар­дағы емдеу мекемелеріне жіберіледі. Ал 10 автокөлік Атырау қаласындағы тұрғындардың жедел шақыртуына қызмет көрсетеді. Қазір облыста 93 жедел жәрдем көлігі бар. Биыл 46 көлік алынды. Жедел жәрдем стан­­сасын арнайы көлікпен қамту 100 пайызға жетті. Мұндағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарды. Ескілерінің өзі екі-үш жыл бұрын келген, – дейді облыстық ден­сау­лық сақтау басқарманың басшысы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, келесі жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен қамту жоспарланып отыр.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жедел жәрдем арнаулы көлікпен толықтай қамтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар