Аймақтар
1 мин оқу 232

Атырауда жылу құбыры жарылды

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында көп қабатты тұрғын үйлерге жылу жеткізетін құбыр жарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда жылу құбыры жарылды

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Нұрсая-2 шағын ауданында жеті үйге жылу беру тоқтатылды. Бұған жылу құбырының жарылуы себеп болған.  

"Қазір жылу желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Суды сору екі вакууммен жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары 3 сағатта аяқталады", деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облысы

Бөлісу:
Атырауда жылу құбыры жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар