Саясат
1 мин оқу 141

Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды

<p style="text-align: justify;">Кеше Қазақстан Прези&shy;дентінің көмекшісі &ndash; Қауіп&shy;сіздік Кеңесінің Хатшы&shy;сы Әсет Исекешев бейне&shy;конференция форма&shy;тында өткен Тәуел&shy;сіз Мем&shy;ле&shy;кет&shy;тер Достас&shy;ты&shy;ғына (ТМД) қатысушы мем&shy;ле&shy;&shy;кеттердің қауіпсіздік ке&shy;ңес&shy;&shy;тері хат&shy;шыларының VIII оты&shy;рысына қатысты, деп ха&shy;барлады Ақорда сайты.</p>

Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды

Іс-шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Әзербайжан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Усубов, Армения Қа­уіп­сіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіп­­сіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіп­сіз­дік кеңесінің хатшысы Н.Мах­мудзода, Өзбекстан Респуб­лика­сы Президентінің жанын­дағы Қауіп­сіздік кеңесі­нің хатшысы В.Махмудов, Түрік­менстан Мемле­кеттік Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ч.Аманов, Беларусь Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік хатшысының орын­басары В.Арчаков, Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқа­рушы хатшысы С.Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қа­тысты.

Форум барысында Достастық елдеріндегі бүгінгі сын-қатер­лер жағдайындағы ынтымақ­­тастық мәселелерінің кең спектрі қаралды.

Соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес пен жаңа биологиялық қауіп­терге қарсы іс-қимыл кезін­­дегі мемлекетаралық шаралар, ақпараттық кеңістікті қор­­ғау саласындағы ынты­мақ­тас­тық мәселелері, төтенше жағ­дай­лар­дың салдарын еңсеру жө­нін­дегі өзара іс-қимыл, Ауған­стан­дағы қазіргі ахуал және басқа да бағыттар талқыланды.

Әсет Исекешев өз сөзінде аймақ­тық қауіпсіздіктің ең өзекті мә­се­лелеріне, ТМД елдеріндегі тәуе­келдер мен қауіптерді азай­туға мән берді. Атап айтқанда, коро­навирус індетінің таралуына қарсы күрес, су-экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі, кибер­қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымы­на, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте бірлескен жұ­мыс­тардың қажет екеніне назар аударды.

Бөлісу:
Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар