Дәстүрлі әндер шырқалды
<p style="text-align: justify;">Жуырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академия­лық филармониясының «Халық әні» бөлімі «Ән базары – Қараөткел» атты онлайн концертті көрермен назарына ұсынды.</p>

Қараөткел заманында кеңінен шырқалған әндерді бүгінгі толқынға қайта жаңғыртқан концерт тыңдармандарды өткен шақпен қауыштырды. Өз заманының бұлбұлдарын бір арнаға тоғыстырған өнер кешінде халық әндері «Қарғам-ау» мен «Шилі өзен», Ғазиз Файзоллаұлынан «Шалқыма», Біржан салдан «Адасқақ» пен «Айтбай», Ақан серінің әндері – «Балқадиша» мен «Шәмси-Қамар», Майраның «Толқымасы», Жаяу Мұсаның «Көгаршын», Сәтмағамбеттің «Қанатталды» туындылары шырқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі ән кеші болашақта ауқымды концертпен халыққа ұсынылатын болады.