Аймақтар
1 мин оқу 460

Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің жолы кесілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асырып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша  РФ ФҚҚ ШҚ бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 бұзушы, соның ішінде 20 шекаралық режімді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады.

2,66 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

5 жүзбелі құрал, 9 қозғалтқыш, 281 астам шақырым браконьерлік ұстау құралдары, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың келі) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың келі) дана әр түрлі тұқымдас балықтар, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді.

Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша   әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды.  

Бөлісу:
Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің жолы кесілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар