Аймақтар
1 мин оқу 676

Бірнеше өңірде тұман түсіп, боран соғады

<p>Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғады, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;"Қазгидрометке" сілтеме жасап.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, 20-22 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 20-22 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 20, тәулік бойы 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз 20, түнде 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

20 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Актауда күндіз 20 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде тұман түсіп, боран соғады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар