Аймақтар
1 мин оқу 341

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

<p style="text-align: justify;">Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша қаралуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қаладағы колледждердің бірінің бірінші курс студенті Екібастұзда сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты.

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп атап өтті өңірлік полиция департаментінде. - ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде таратылмайды.

ҚР ҚК 105 – бабы – "Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге оқталу". Кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Қаза тапқан 16 жасар қыз Екібастұз қаласының академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында білім алған. Ол тоғыз сыныптан кейін "станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары" мамандығының күндізгі бөліміне түсті, деп хабарлады колледж.

Бөлісу:
Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар