Оқиға
3 мин оқу 140

Күдіктілер қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Көпшілікке қызмет көрсетіп, кассада отырған қыз ақша санаудан басқаға алаңсыз еді. &laquo;Кезекті келуші күш көрсетіп, бар ақшаны алып кетеді&raquo; деген ой мүлде келмегені және анық. Кассаға келген жігіт 20 мың теңгесін ұсақтап беруді сұрайды. Күнделікті кезде&shy;сетін жайт, алаңсыз ақшасын ұсақтап берген. Осы сәтте жас жігіт келушілердің жоқты&shy;ғын пайдаланып, кассада отырған қыздың 170 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен.</p>

Күдіктілер қамауға алынды

Түркістан облысы Жетісай АПБ-нің кезек­ші бөліміне ойын залдарының бірінің операторын тонап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бір­ден полицияның жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер кас­са­да тұрған қызға мекемеге келуші шабуыл жасап, 170 мың теңгесін күшпен тартып алып, белгісіз бағытта жасырынғанын анық­та­ған. Облыстық Полиция департаменті баспа­сөз қызме­тінің хабарлауынша, аталған оқиға аудандық полиция бө­лімінің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойын­ша тір­келг­ен. Күдіктіні іздеуге кіріс­кен жедел уәкілдер бейне­­бақылау камераларын тексеріп, жақын маң­дағы көшелерді, қонақүйлерді және басқа да баруы, мүмкін жер­лерді қарап шық­ты. Осылайша 10 күнге со­зыл­ған жедел-іздес­тіру іс-шараларының нәти­жесінде аудан полицей­лері күдіктіні Шым­кент қаласындағы жалдама­лы пәтер­лердің бірінен ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шық­ты. Айғақты зат ретінде ақ­ша алынып, заңды иесіне қай­тарылды.

Қазіргі уақытта тонау фак­тісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған. Поли­ция қызметкерлері ұсталған адам­ның басқа да осындай қыл­мыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Жетісай ауданы полиция бө­лімінің қызмет­керлері өңір­дегі тағы бір қылмысты істің ашы­луы­на үлес қосты. Түркістан об­лысында тұр­ғын­дарға 1,5 млрд-қа жуық шы­ғын келтір­ген «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамида­сын ұйым­дастырған 12 күдікті ұсталып, қамауға алын­ды. Еске сала кетейік, биылғы жазда же­дел-іздестіру іс-шаралары ба­ры­сында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жеті­сай қаласындағы «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамида­сының қызметін тоқтатқан бо­латын. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша тіркелді. Бір ай өткеннен соң жәбірленушілер саны 300-ден асты. Осыдан соң полиция қызметкерлері атал­ған іске қатысы бар бас­қа да күдіктілерді ұстау үшін, түр-тұлғасын анықтап, ізде­ріне түсті. Жетісай АПБ-ға Шым­­кент қаласынан қаржылық пи­ра­мида ұйым­дас­тырды деген күдікпен аудан тұрғыны жет­кі­зілді. Сондай-ақ оның екі сыбайласы, Мақта­арал ауда­ны­ның тұрғындары да ұс­тал­ды. Тер­геу барысында кеңсеге тінту жүргізіліп, құ­жат­тар, жабдықтар, ком­пьютер­лер және басқа да ай­ғақты заттар тәркіленді. Атқарылған тиянақ­ты жұ­мыс­тардың нәтижесінде ал­ға­шын­да 5 күдікті, кейін­нен 7 күдікті ұсталды. Олар Жеті­­сай, Шардара, Мақта­арал, Са­рыағаш аудандары тұр­ғын­дары көпшілігінің  ақшасын қайтармаған.

Бүгінде генерал-майор Қай­рат Дәлбеков бас­қарып отыр­ған Түркістан облысы Поли­ция де­пар­таментінің білік­ті деген тергеушілерінен тер­геу тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. «Белгілі болған «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасының 2015 жылы Алматы қаласында негізі қалан­ған. Оның негізін қалаушы мен ұйым­дастырушы­сы ре­тін­­­де туыс күдіктілер ұсталды. Олар­дың Түркіс­тан облысын­да бірнеше азаматты директор ре­тін­де тағайындап, өңір тұрғындарынан 1 млн тең­­геден ақша алып, еселеп қай­тарамыз де­­­ген құрғақ уә­демен өз алаяқтық істерін жү­зеге асыр­­­ған. Бүгінгі таңда жәбір­ленушілер саны 1500-ден асты. Олардың барлығының арыздары заң­­­ды түрде тіркелген. Ұсталған 12 күдікті де сот­­­т­­ың санкциясымен қамауға алынды. Бү­гінде бел­­­гілі болған шығын көлемі 1 млрд-­тан ас­там тең­гені құрайды. Соны­мен қатар арыз­дану­шы­­­лар мен кү­­дік­тілер саны артуы, соған сәй­кес шы­­­ғын көлемі де өсуі мүмкін», дейді облыстық По­­­ли­­­ция де­пар­таменті Тергеу басқар­масының бас­­ты­ғы, по­ли­ция полковнигі Нұрмахан Жал­ғасов.

Осы орайда Түркістан облы­сының полицей­лері тұр­ғын­дарды ақшаны еселеп бе­ремін деген адамдардың сөзін әбден саралап, ой еле­гі­нен өт­кізуге, алаяқтардан­ сақ болуға шақырады. «Бірін­шіден, олардың берген ақ­пар­ларын толық зерттеп алы­ңыз. Екіншіден, салымның кіріс­тілігіне мұқият мән беріңіз. Не­ғұрлым жоғары болса, ол сізге күмән тудыруы тиіс. Се­бебі кез келген ақ­шаңызды көбей­тіп беремін деген банктің өзі бірден сіздің салымыңызды 50-100 пайызға өсірмейді», дейді полиция қызметкерлері.

Түркістан облысы                 

Бөлісу:
Күдіктілер қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар