Аймақтар
1 мин оқу 562

Ардагерлерге ескерткіш тұрғызылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен актөбелік ардагерлерге арналған ескерткіш ашылып, осылайша көп жылдардан бері азаматтық қоғам өкілдері көтерген мәселе өз шешімін тапты.</p>

Ардагерлерге ескерткіш тұрғызылды

Ескерткіштің ашылу рәсі­міне Семей ядролық сынақ полигоны аймағын­да әскери қызметін өтеген ақтө­белік ардагерлер, қала тұрғындары, жергілікті би­лік өкілдері қатысты. Алда­ғы уақытта бұл жер сынақ полигоны зардабын тартқан актөбелік ардагерлердің бас қосатын, салтанатты шаралар өткізетін, өмірден озған жолдастарын еске алатын орынға айналмақшы.

1949-1991 жылдар аралы­ғында Семей ядролық полигонында 11 мыңнан астам ақтө­белік әскери міндеттерін ат­қа­рған. Облыстық қор­ғаныс істері жөніндегі депар­таменттің мәліметі бо­йынша, бүгінде өңірде Семей ядролық полигонын­да ядролық сынақтарға қатыс­қан 1800-ден астам адам тұрса, олардың 268-і мүге­дек жандар. Көпшілігі өмірден ерте өтіп кетті.

Қазіргі кезде әр жылдары Семей полигонында қызмет еткен азаматтар­ды әлеуметтік қорғау жұ­мыс­тары біртіндеп жолға қо­йылып келеді. Оларды дәрі-дәрмекпен қамту, ем­дік-сауықтыру және оңал­ту орталықтарына жолдамалар беру жолға қо­йылды. Сондай-ақ олар ком­му­нал­дық төлемдер үшін же­ңіл­­діктерге қол жеткізіп, мү­ге­дектерге арналған тегін такси қызметін пайдалана алады. Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Семей ядролық сынақ полигонында қызмет еткендерге материалдық қаржылай көмек беріледі. Жергілікті ат­қарушы билік тарапынан полигон ардагерлерін мүмкіндігінше жұмысқа ор­наластыру жолдары да шешіліп келеді.

АҚТӨБЕ

Бөлісу:
Ардагерлерге ескерткіш тұрғызылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар