Оқиға
2 мин оқу 200

Жаңа портал таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Мә&shy;де&shy;ниет және спорт министрлігі Тіл са&shy;ясаты комитетінің тап&shy;сыр&shy;ма&shy;сы&shy;мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы &laquo;Тіл-Қазына&raquo; ұлттық ғылыми-прак&shy;ти&shy;калық орталығы 2020 жылғы 18 қараша күні Қазақ&shy;cтан&shy;да және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілетуді көздейтін &laquo;Абай институты&raquo; порталының таныстырылымын ұйымдастырды.</p>

Жаңа портал таныстырылды

Алтын күннің астында ортақ мүдде жолына ұйысып, қаймағы бұзылмаған қадірлі жұртымыз орда тіккен отыз жылды өткеріп, болашаққа батыл бет алып барады. Жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып, кем-кетігіміз толысып, ұлттық құндылықтар ұлықталуда. Таныстырылымның тиек ағытар сөзі осылай басталды. Тіл саясаты комитетінің тө­рағасы Әділбек Қаба шара ма­ңы­зына тоқталды: «Мемлекет бас­шысының ұлы Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде мерекелеу туралы арнайы Жар­лы­ғы халқымыздың тарихи жа­ды мен рухани өміріне соны серпіліс әкелген тарихи оқиға болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан осы бағытта қолға алған шаруаның шоқтығы биігі – осы «Абай институты» ашық білім беру жобасы. Бұл шара­ның қайнар көзі «Қазақстан Рес­публикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасынан» бастау алады. Қазіргі таңда «Отандастар» қорымен бірлесіп, бес мемлекетте: Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқыту курстарын бастадық».

Шайсұлтан Шаяхметов атын­­дағы «Тіл-Қазына» ұлт­тық ғылы­ми-практикалық орта­лы­ғы директорының орынбасары Айдос Әбдіхалық портал туралы жан-жақты әңгімелеп берсе, жазу­шы, филология ғы­лым­дарының докторы, абайта­ну­шы Тұрсын Жұртбай іске қосылып жатқан жобадан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

«Біздің буын баланың ойыны деп санап келген ғаламтор бүгінде заман тілі ретінде танылып, тіпті мемлекеттердің саясатын айқындап беретін құрал дең­гейіне көтерілді. Сондықтан қазақ тілін білгісі келетін шетел­дік­терге бұл жоба үлкен көмек болады деп ойлаймын. Өз басым осын­дай еуропалықтарға куә болып, Қытай ғалымының Абай қарасөзінің аудармасына: «Мұны неғып бұрын білмегенмін», – деп таңғалғанын көрдім. Енді көркемдік деңгейін көтеріп, осы порталға жарияласа, қаншалықты көмек болар еді», деді ол.

Қазақстан Республикасы Сырт­­қы Істер министрлігі диас­по­ра­лармен жұмыс жөніндегі бас­қар­ма басшысы Мұқтар Кәрібай, Қазақстан Республикасы Ақпа­рат және қоғамдық даму минис­трлігі «Отандастар қоры» прези­ден­тінің кеңесшісі Дидар Болат ақжолтай тілек білдірді.

Іске қосылып отырған www.abai.institute веб-порталының жұ­­­мысы туралы Шайсұлтан Шаях­­метов атындағы «Тіл-Қа­зы­на» ұлттық ғылыми-прак­ти­ка­­лық орталығы Әдістеме бас­қар­­ма­сының басшысы София Қа­жыақ­­­­парқызы жан-жақты тү­сі­­­нік берді, ал «Қазақ тілін оқы­туда интернет ресурстарын пай­­да­лану туралы» Иран Ислам Рес­­­публикасындағы қазақ тілі оқы­­ту­шысы Асқар Қазақ әңгі­ме­леді.

Онлайн шараға шетелдердегі Қазақ­стан Республикасы Елші­лік­те­рінің жауапты мамандары, Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқытып жатқан кураторлар мен Бразилия, Франция, Германия, Қытай, Өзбекстан, Моңғолияда тұрып жатқан бауырларымыз қатысты.

Ерлан ТӨСБАЙҰЛЫ

Бөлісу:
Жаңа портал таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар