Саясат
2 мин оқу 320

Түркі Кеңесі аясындағы қанатқақты жоба

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда Түркі Кеңесі ынтымақтастығы шеңберінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында екі елдің кеден органдары мен Халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығының (ХТҚ) серіктестігімен &laquo;eTIR&raquo; қанатқақты жобасын іске қосылу салтанаты өтті.</p>

Түркі Кеңесі аясындағы қанатқақты жоба

Іс-шараға Түркі Кеңесінің кеден органдарының,  көлік министрліктерінің, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстанның халықаралық тасымалдаушылары қа­уым­дастығының және ХТҚ-нің  өкілдері қатысты.

«eTIR» жүк тасымалдау жүйе­сін цифр­ландыруға бағытталған және жүктерді шекарада кедендік бақылау рәсімдерін өтпей, тасы­малдауға мүмкіндік береді.

Түркі Кеңесі бас хатшысының орын­ба­сары Мирвохид Азимов рәсімде сөз сөй­леу барысында «eTIR»-дің кеден орган­­дарының да, жүк тасымалдау­шы­лар­дың да жұ­мысын айтарлықтай оңтай­­лан­­­дыруға, пайдалану шығын­дарын қыс­қартуға, тасымалдау­ды жеделде­туге және нақты уа­қыт режімінде жұмыс жасай­тын сенімді халықаралық дерек­тер қорының ар­­қасында оны одан әрі қауіпсіз етуге мүм­кін­дік беретін халықаралық жүк та­сы­­мал­дарындағы маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшының орынбасары М.Ази­мов 2020 жылғы 10 сәуір­де өткен Түркі Кеңесінің кезек­тен тыс саммитінде мүше мемле­кет­тердің басшылары пан­д­е­мия кезінде азық-түлік қауіпсіз­дігін және негізгі тауарлардың кедергісіз қозға­лысын қамтамасыз ету мақсатында көліктік ынтымақтастықты кеңей­ту жөніндегі басым міндеттерді айқын­дағанын және тараптар арасындағы бай­ланыссыз сыртқы сауда жүйелерін дамытудың маңыз­дылығын атап өтті.

Осы орайда Өзбекстан мен Қазақстан арасында «eTIR» қанатқақты жобасын іске қосуды табысты ынтымақтастықтың және мемлекет басшылары қойған бас­ты міндеттерді тәжірибеде жүзеге асы­ру­дың айқын мысалы ретінде қарастырған жөн.

Осыған қоса «eTIR» қанат­қақты жобасына қатысушылар шеңберін ұйым­ның басқа мүше мемлекеттерін және бақылаушы мемлекеттерін тарту арқылы кеңейту қажеттігі айтылды.  

Қатысушылар сондай-ақ осындай бас­тамалардың маңыз­дылығын атап өтті және Түркі Кеңесі шеңберінде тиім­ді әрі тұрақты көлік тетіктерін құру жолын­да кездесетін кедергілерді жою­ға бағыт­талған елеулі жобалар мен бағ­дарла­маларды іске асыруда ынты­мақ­тастыққа дайын екендерін білдірді.

Бөлісу:
Түркі Кеңесі аясындағы қанатқақты жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар