Президент
1 мин оқу 151

Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;География және су қауіпсіздігі институты&raquo; АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғы­лыми орталықтың негізгі ба­ғыт­тары мен оны дамытудың ба­сым­дықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлі­мет берді.

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ басқа да бірқатар су қоймасына қа­тысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айт­ты.

Бөлісу:
Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар