Сайлау
2 мин оқу 480

"ADAL" партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттардың тізімін ұсынды

<p style="text-align: justify;">19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында &laquo;ADAL&raquo; саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Іс-шара барысында ҚР Парламент Мәжілісіне партиялық тізім жарияланды, сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылды және партияның интерактивті сайты таныстырылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «ADAL» партиясынан Мәжіліс мандатына кандидаттар тізіміне 20 адам енді: 

  • Серік Сұлтанғали - «ADAL» партиясының төрағасы;
  • Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
  • Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
  • Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
  • Алмасбек Садырбаев - председатель Национальной ассоциации овцеводов Казахстана «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы;
  • Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі;
  • Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
  • Жигули Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
  • Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері;
  • Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
  • Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;
  • Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
  • Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
  • Халиола Акдрашев – кәсіпкер;
  • Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;
  • Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;
  • Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;
  • Тимур Абдыкаримов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;
  • Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер;
  • Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.

Сондай-ақ, саяси кеңес пен өңір делегаттары бекіткен сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады: 

  • Халықтың өмір сапасын көтеру;
  • Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру;
  • Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі;
  • Өмірге қолайлы мемлекет.
Бөлісу:
"ADAL" партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттардың тізімін ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар