Білім
1 мин оқу 642

Петропавлда екі мұғалімнен коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында бастауыштың кезекші сыныптарына сабақ берген екі мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Петропавл қаласындағы №1 жалпы білім беретін IT-лицейдің 2-сынып ұстазынан коронавирус инфекциясы табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқи бастады.

Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді. 

Естеріңізде болса, бұған дейін қыркүйек айынан бастап 56 мектеп оқушысынан КВИ анықталды.

Бөлісу:
Петропавлда екі мұғалімнен коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар