Аймақтар
1 мин оқу 213

Алматыда қандай нысандар карантин режимін жиі бұзады?

<p style="text-align: justify;">Алматының мониторингтік топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қала бойынша аудандық әкімдік, жергілікті полиция қызметкерлерінен, &laquo;Атамекен&raquo; ҰКП өкілдерінен құралған 32 мониторингтік топ қызмет етеді.</p>

Алматыда қандай нысандар карантин режимін жиі бұзады?

2020 жылдың 19 қарашасы мониторингтік тексерулермен 26 нысан қамтылды, 8-інен заң бұзушылықтар анықталды.
- Алмалы ауданы – Мақатаев к. 117А мекенжайы бойынша «LORD Game- Hub» компьютерлік клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Алмалы ауданы – Мұқанов к. 130 мекенжайы бойынша «Дореми» караокесі – тыйым салынағанына қарамастан қызмет еткен;
- Әуезов ауданы – Төле би к. 279Б мекенжайы бойынша «Urgrade» компьютерлік клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Әуезов ауданы – Төле би к. 279б мекенжайы бойынша плейстейшн клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Бостандық ауданы – Көктем-2 ш.а, 2 мекенжайы бойынша «Shtorm» ойын клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Бостандық ауданы – Масаншы к. 100 мекенжайы бойынша ойын клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Медеу ауданы – Достық д. 48 мекенжайы бойынша Loto Club – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Түрксіб ауданы – Сейфуллин д. 9а мекенжайы бойынша Донер Кебаб дәмханасы – карантин режиімінің бұзылуы.

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.

Барлық нысандарда мониторингтік топтармен санитарлық-эпидемиялық режимнің сақталуын күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Алматыда қандай нысандар карантин режимін жиі бұзады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар