Жол қауіпсіздігі - басты назарда

Қыс мезгілінің басталуымен жол қауіпсіздігін сақтау СҚО ПД күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуына қарағанда 18 қарашадан бастап күн сайын облыста 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына қатысады. Облысжолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық маңызы бар, 10-ы облыстықмаңызы бар жолдарда жұмыс істейді.
Осы патрульдер тек соңғы екі күнде облысбойынша 1241 жол ережесін бұзу фактілерінанықтады. Оның 147-сі қауіпсіздік белдігін тақпау, 101-і - көлік жүргізу кезінде телефон пайдалануболды. 13 мас жүргізуші ұсталды. Жаяужүргіншілер тарапынан 232 жол ережесін бұзутіркелді. Жергілікті полиция қызметі рейдтер мен тексерістерді осы аптаның соңына дейінжалғастыратынын мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан облысы