Күрес: Сырбаз Талғат 70 кило салмақта ел чемпионы атанды

Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 70 кило салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

70 кило салмақ дәрежесінде бас жүлде үшін тартыс шымкенттік Нұржан Сейітжан мен атыраулық Сырбаз Талғат арасында өтті. Бұл бәсекеде Атыраудан келген балуанның үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Қарсыласын 10:0 есебімен ұтқан ол ел чемпионы атанды.
Атыраулық Айдын Тәжіғали мен қарағандылық Ғалымжан Ибадулланы ұтқан Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Сұлтан Бейісов пен талдықорғандық Ерлан Тәңірбергенов қола медальді қоржындарына салды.