Спорт
1 мин оқу 263

Бокстан ертең ел чемпионаты басталады

Ертең Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді. Ерлер арасындағы бәсекелер 10 салмақ дәрежесі бойынша өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ертең ел чемпионаты басталады

Бір аптаға созылатын жарыс барысында 200-ден аса былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді. Солардың қатарында халықаралық додаларда дараланған гүрзі жұдырықты жігіттер де бар.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, ел біріншілігінде сақа спортшылар өздерінің мықтылығын паш етуге тырысса, жалынды жастар республикамыздың бас командасына қабылдануға лайық екендерін дәлелдеуге талпынуға тиіс.

Биылғы жарыстың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап отыр. Бас жүлде алған боксшы 500 мың алса, күміс жүлдегер 300 мыңды қалтаға басады. Ал қолаға қол созғандар 100 мың теңгеге иелік етеді. Сонымен қатар, Шымкентте әйелдер де жұдырықтасады. Еліміздің әр аймағынан жиналған 110 бұрымды осы додада күш сынасуға ниет білдірген екен.

Бөлісу:
Бокстан ертең ел чемпионаты басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар