Кино
1 мин оқу 360
"Томирис" фильмі каскадерлер "Оскарын" алды
<p style="text-align: justify;">"Томирис" фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" сыйлығына ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Таурус" біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөлісуге асықпыз: "Томирис" фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын жеңіп алды. Бұл – каскадерлердің "Оскары" саналатын жоғары марапат. Тұңғыш рет еліміздің тарихында қазақстандық фильм "Шетелдік фильмдегі трюктер қойылымы" номинациясында үздік деп танылды. Nomad Stunts-қа сенгендеріңіз үшін және қолдауларыңыз үшін көп рахмет! Ақан Сатаев пен "Томирис" фильмінің командасына алғысымызды білдіреміз", деп жазылған Nomad Stunts тобының Facebook парақшасында.
Бөлісу: