Руханият
1 мин оқу 246

Ғабиттің ғажап әлемі

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда тұратын қолөнер шебері Ғабит Қанатбаев Өзбекстанның Үшқұдық ауданынан осыдан он жеті жыл бұрын көшіп келген. Өзінің негізгі мамандығы &ndash; кен инженері. Алматыдағы политехникалық институтта оқып, жоғары білім алған. Алатаудың баурайында болашақ жарын жолықтырып, студент кезінде отау құрыпты. Келіншегі ол кезде Алматыдағы сауда техникумында оқыған екен.</p>

Ғабиттің ғажап әлемі

Дипломын алғаннан соң, Өзбекстанға, туған ауылына оралған. Жергілікті  кен байыту комбинатында мамандығы бо­­­йын­ша жұмысқа тұрыпты. Бірі­нен соң бірі дүниеге келген екі қыз, бір ұлды аяғынан тұрғызу үшін өндірістің ауыр жұмысында жан аямай еңбек еткен.

Ал Арқа төсіне қоныс аудар­ғаннан кейін, ата кәсіпті қолға алған. Зады, ол бұл өнермен жасынан айналысыпты. Атадан дарыған кәсіп екен.

Бүгінде шебердің кеншілер астанасындағы «Оймақ» ат­ты от­басылық шеберханасы ая­ғы­нан нық тұрған. «Қара­ғанды қала­сын­да ұлттық бұйым­дар сататын дү­кеніміз бар. Мұн­да киізден, қа­йыс­тан, теріден, ағаш­тан, те­мір­ден жасалған ұлттық на­қыш­тағы бұ­йым­да­рымыз сатылады. Төрт қа­нат­ты­дан он алты қа­нат­тыққа дейінгі аралықтағы киіз үйлерді жа­саймыз. Оның ішкі құ­рал-жаб­дық­тарын әйелім және қыз­да­­рым дайындайды», дейді шебер.

«Оймақ» шеберханасын­да жасалған киіз үйлер еліміздің барлық өңіріне, сонымен қатар әлемнің оннан аса мемлекетіне сатылған екен. Ал осы істің ұйыт­қысы болып жүр­ген Ғабит Қанатбаев алдағы уа­­қытта қазақ халқының үй жи­­һаздарына қа­тысты жаңа үл­гіле­рін жасауды ойластырып жүр.

Қазіргі уақытта қолы алтын һәм іскер жан құрған шеберхана қанатын кеңге жайған. Май­құдықтағы тігін цехында алты шебер еңбек етеді, бұл іске зайыбы бас-көз болып жүр. Ал баласы Алтай жанына үш жігітті алып, ұлттық нақыштағы түрлі бұ­йымдар жасаумен айналысады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Ғабиттің ғажап әлемі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар