Қоғам
1 мин оқу 340

Малыңа абай бол, ағайын!

<p style="text-align: justify;">Мал ұрлығына байланысты заң біршама қатайғанымен, өңірде мал ұрлығы тыйылмай отыр. Соғым науқаны қарсаңында өршіп кететін әдеті еді. Биыл да бұрынғының кебін кимесек жарағаны.</p>

Малыңа абай бол, ағайын!

 Таяуда малын ұрлатып, өкініші өзегін өрттеген жеті бірдей шағым тү­сіпті. Абырой болғанда, полиция қыз­мет­керлерінің жедел іс-қимылының арқасында жоғалған мал табылып, иелеріне қайтарылды. Онда да уақытында хабар бергендерінің арқасында. Ал жайылымдағы малдың жайы бөлек. Үйір  ішіндегі жылқыны түгендеу қиын. Табылып қалар деген үмітпен жыл­қы­шылар құрық сүйретіп бірер күн өз­дері іздейді. Маңайдағы жылқы баққан қа­уым­нан сұрастырады. Оған шейін із басылады. Былтыр дәл осындай 32 дерек тір­келген. Қазір мал ұрлығының алдын алу­ға бағытталған кешенді шара жүргізіліп жатыр. 

–Жуырда Краснояр елді мекенінен жайылымдағы жылқының жоғалғандығы туралы суыт хабар түсті. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асырудың барысын­да жоғалған мал табылды, – дейді Көкше­тау қалалық полиция басқармасы крими­налдық полиция бөлімінің бөлімше бас­тығы Қанат Ахметов.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мал тасымалдайтын  авто­көліктерді тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Таяуда заң бұзғаны үшін  әкім­шілік 2 хаттама толтырылып, айыппұл са­лын­ды.

Өңірге ет өнімдері іргелес аудандар мен көршілес Солтүстік Қазақстан өңі­рінен де жеткізіледі. Егер құжаттары болмаса, сойылған малдың кімдікі екенін анық­тау қиын. «Алдырған албырт»  дегендей, мал иелерінің өздері күнкөрісін ажыратып отырған ақ-адал малына абай болғандары жөн.

Көкшетау

 

Бөлісу:
Малыңа абай бол, ағайын! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар