Оқиға
2 мин оқу 473

Курсанттар «Спорт шебері» атанды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары спорттың &laquo;Араши-каратэ&raquo; түрінен &laquo;Спорт шебері&raquo; атағын иеленді.</p>

Курсанттар «Спорт шебері» атанды

ҰҚК Шекара академиясының баспасөз хатшысы Жанат Жа­быр­бековтің айтуынша, курсант­тар биыл ақпан айының соңында өт­кен ашық турнирде шеберлік дәрежесін тағайындау талап­тарын ойдағыдай орында­ған. Бірақ елімізде індет таралып, карантин режіміне байла­­нысты аталған іс-шара­ның қорытындысы кейінге шегерілген.

ММА Федерациясының жұмыс жоспарына сәйкес 22-23 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Медина» спорт кешенінің базасында «Араши-Каратэ-Микс-Комбат» аралас жекпе-жектен республикалық ашық турнир өткен. Байрақты бәсекеге 27 спорт клубынан әр салмақ дәрежесі бойынша 350-ден аса жекпе-жек өнерінің қырандары қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ҰҚК Шекара академиясының курсанттары жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ спорттың «Араши-Каратэ» түрінен «Спорт шебері» атағын иеленді. Олар – Шәкәрім Әбен, Архат Айсанов, Нұрбек Маназаров, Ерасыл Му­ка­шев, Бекзат Нұрғазинов, Давлет Қанатбеков. Бұған қоса бірқатар кур­сантқа «Спорт шеберіне үміт­кер» атағы берілді.

Сонымен қатар қоян-қол­тық ұрыстан еліміздің еңбек сіңір­ген спорт шебері, ҚР ҰҚК Ше­кара академиясы арнайы-такти­­калық факультеті дене шынық­тыру дайындығы кафедра­сының оқытушысы капитан Берік Шы­на­лиевке жоғары дәре­желі спорт­шыларды дайын­дағаны және спортты дамыт­қаны үшін «Араши-Каратэ» жат­тық­ты­ру­шы­сы атағы берілді.

Жақында жарысқа қатысқан жоғарыдағы шекарашы курсант­тарға «Спорт шебері» және «Спорт шеберіне үміткер» атағын ай­қын­дайтын арнайы куәлік дайындалып, оқу орнының мекенжайына жолданған екен. Осыған орай ҰҚК Шекара академиясында ҰҚК төрағасының орынба­сары генерал-майор Марат Қал­қа­баевтың қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында шекарашы спортшылар «Спорт шеберіне үміткер» куәлігін алды.

Бөлісу:
Курсанттар «Спорт шебері» атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар