Қоғам
1 мин оқу 294

Жастар медиасауаттылық бойынша жарысты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жас Ұлан&raquo; бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы елордада республика жастарының басын қосты. Байтақ еліміздің ұландары ел астанасына TRUE or FALSE деп аталатын медиасауаттылық бойынша интеллектуалды сайысқа жиналды.</p>

Жастар медиасауаттылық бойынша жарысты

ІІІ кезеңнен тұратын тартысты додаға еліміздің барлық өңірінен 14 пен 29 жас аралығындағы 150-ден астам жас келіп, бас-аяғы 20 коман­да қатысты. Шара аясында олар ки­бер­­қауіпсіздік, медиасауаттылық, IT, жур­­налистика саласындағы жетек­­ші са­рап­шылардан дәріс тыңдады.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­­ша, аталған шара арқылы жас­­тар мен мектеп оқушыларына ақ­па­рат­­тық қауіпсіздік, интернет этика, ақ­па­рат­­пен жұмыс істеу және саралау сын­ды қазіргі қоғамдағы маңыз­ды дағды­ларды үйрету көз­деледі. Жарысқа жи­нал­ған жастар алдымен дәріс тыңдап, кейін білім додасында ой жарыстырды.

Сайыстың I кезеңінде командалар 5-ке бөлініп, медиасауаттылық бойынша қойылған 8 сұрақтан тұратын 5 раунд ойын ойнады. II ке­зеңге 15 команда жолдама алып, шындық және жалған бойын­ша викториналық фото, видео сұрақ­тарға жауап берді.

Сайыстың финалдық кезеңі­не қарсыластарынан озып шық­қан 5 команда өтті. Бұл кезеңде қатысушылар қойылған сұрақтар­дың шындық не жалған екенін дәлелдер келтіріп жазбаша тапсырды. Қазылар алқасына өз болжамдарын қорғады.

Сайыс нәтижесінде Түркістан облысының намысын қорғап келген Amazing Turkistan командасы үздік деп танылды.

Бөлісу:
Жастар медиасауаттылық бойынша жарысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар