Саясат
3 мин оқу 190

Ашықтық жемқорлықтың жолын кеседі

<p style="text-align: justify;">Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріле түсіп, қоғам дамуын кері тартатын құбылыспен күрестің жаңа кезеңі басталды. Бұл бағытта Қызылорда облысында да жүйелі жұмыс бар. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова &laquo;Antikor Live&raquo; жобасы аясында &laquo;Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қолжетімділігі&raquo; тақырыбында тікелей эфирде сұхбат беріп, жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.</p>

Ашықтық жемқорлықтың жолын кеседі

Тікелей эфирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша депар­таментінің басшысы Ардақ Ер­сейітов пен сала қызметкерлері қа­тысты. Өңір басшысына облыс тұрғындарының әлеуметтік желіде жинақталған сауалдары қойыл­ды.

– Құқықтық-статистикалық мәліметтерге жүгінсек, биылғы 10 айда сыбайлас жемқорлық сипа­тында 81 қылмыс тірке­ліп, былтырғы жылдың осы ке­зе­ңімен салыстырғанда 26,4% төмендегені байқалады. Респуб­ликадағы 17 өңірдің арасында тергеу өндірісінде болған сыбай­лас жемқорлық сипатындағы қыл­мыстық істер бойынша біз­дің облыс 16-шы позицияға ор­наласқан. Осы көрсеткіштің өзі бұл саладағы жұмыстардың оң нәтижесі деп білемін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімі азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қам­­тамасыз ету мақсатында мем­лекеттік органдар тарапынан қа­был­данып жатқан іс-шараларға тоқ­талып, ашықтық принципі жем­қорлықты болдырмайтын бір­ден-бір жол екендігін атап өтті.

Қазір облыстық әкімдіктің рес­ми интернет-ресурсы арқылы кез келген азамат мемлекеттік ор­гандар жұмыстары туралы ақ­паратты еш кедергісіз ала алады. Салалық басқармалардың жұ­­мысы туралы мәлімет, кон­курс­тық хабарландырулар, нор­ма­тивтік-құқықтық актілер, өңір жаңалықтары күн сайын жаңар­тылып тұрады.

Ашықтық принципі қаржы саласына да аса қажет. Осыған байланысты әкімдіктердің ашық бюджеттеріне арналған интерак­тивті карта әзірленді. Онда бар­лық салалардың шығысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бар.

«Электронды үкімет», «Ашық диалог» egov.kz порталында об­лыс әкімінің қатысуымен тұрақ­ты түрде онлайн режімде түрлі та­қырыптарда интернет-конференциялар өткізіліп тұрады. Биыл 12 интернет-конференция жос­парланып, соның сегізі өтті. Түс­кен сұрақтардың барлығына онлайн режімде жауап берілді.

Сонымен қатар арнайы сайтта мем­лекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы толық ақпарат орналастырып, халыққа қолжетімді ету мақсатында құрылыс саласында «Халық мониторинг» электронды жүйесі іске қосылған.

Тікелей эфирде облыс әкімі кәсіп­керлік субъектілердің заң­ды мүдделерінің қорғалуын қам­та­масыз ету бойынша да сауал­дарға жауап берді.

– Өңірде бизнес алдындағы әкім­шілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық көріністерін жойып, кәсіпкердің заңды құқы­ғы аяққа тапталмауы үшін «Биз­несті және инвесторларды қор­ғау» жобасы іске асыры­луда. Оның аясында жыл басынан бе­рі облыстағы инвесторлар мен кәсіпкерлерді демеу үшін 6 шетелдік және 15 отандық жобамен келісімшарт жасалды. Одан бөлек пандемия кезінде 51 мыңнан астам кәсіпкерге са­лықтық жеңілдіктер беріліп, 4 мың­­нан астам бизнесмен міндетті әлеу­меттік-медициналық сақ­тандыру төлемінен босатылды, – деді өңір басшысы.

Облыста пандемия кезінде 9 мың сауда алаңы жалпы сомасы шамамен 700 млн теңгеге жуық жалдық төлемді өтеуден босатылған. Елдегі бизнес өкіл­деріне тиімділігі ескеріліп, ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен не­сие­лендіруге бағытталған «Қызыл­орда» өңірлік инвестициялық орталығының қызметі 2025 жыл­ға дейін ұзартылып отыр.

Цифрлы технология дамыған сайын жемқорлықтың да қа­дамы қысқара беретіні даусыз. Құ­жатыңды қолтықтап, оны тіркету үшін біреудің алдына барып жағдай айтуды қойған сәтте жең ұшынан жалғасудың да «дәурені» бітеді. Өңірде осы жылы цифр­лы технологияға байланысты 7 бағыт бойынша 13 жоба іске асу­да. Оның ішінде білім беру сала­сында «Қауіпсіз мектеп» пен денсаулық сақтау бағытындағы «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» және «Медициналық куәландырудың электронды жүйесі» жобалары бар.

Тікелей эфирде аймақ басшысы мемлекеттік қызмет көр­сету, эпидемиялық ахуалға бай­ланысты бөлінген бюджет қара­жатының мақсатқа сай игері­луін бақылау бағытындағы жұ­мыстарға да тоқталып өтті.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Ашықтық жемқорлықтың жолын кеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар