Аймақтар
1 мин оқу 610

СҚО-да сертификатталмаған дәрілер сатқан дәріхана анықталды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысының ПД арнаулы қызметі есірткі айналымы, психотроптың дәрмектер сатудың заңсыз жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық "Дәрмек" операциясын жүргізу барысында Петропавл қаласының бір дәріханасынан сертификацияланбаған дәрі-дәрмектің 56 түрін сатып отырған бір дәріхананы анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО-да сертификатталмаған дәрілер сатқан дәріхана анықталды

Жедел қызметкерлерге бұл дәріхананың сертификацияланбаған дәрі-дәрмек сататыны туралы ақпарат түскен. Ақпарат тексерілгенде ашықтан ашық жоғарыда аталған көлемдегі сертификацияланбаған дәрі-дәрмек өткізу анықталған.

Жедел қызметкерлер барлығы 2800 дана дәрі пластинкаларын тәркілеген. Мұндай заңсыздық үшін 130-дан 200 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу қарастырылған. Қазір іс шара қолданатын өкілетті органға дайындалу үстінде.

Бөлісу:
СҚО-да сертификатталмаған дәрілер сатқан дәріхана анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар