Аймақтар
1 мин оқу 193

Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде "дәріханалық" нашақорлар арасында сұранысқа ие психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан үш азаматты ұстады. Олардан пластинка түріндегі 240&nbsp; "трамадол" мен &nbsp;мен 18 "тропикамид" дәрілері тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды

"Әсіресе, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолдану, сақтау және пайдалану ережелерін бұзушылықты анықтауға ерекше назар аударылды. Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны мен өз қызметінде психотроптық заттарды, прекурсорларды қолданатын 20-дан аса мекеме бар. "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде үш емдеу-профилактикалық мекемесі, өз қызметінде психотроптық заттармен прекурсорларды қолданатын екі мекеме тексерілді", деді  полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Жедел іс-шара қорытындысымен ҚР Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен  және 297-бабының  1, 3-бөліктерімен төрт сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Төрт  әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қатысы бар тұлғаларды (оның ішінде 1 медицина қызметкері) жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаментіне жолданды.

Бөлісу:
Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар