Әлем
1 мин оқу 200

Трамп әкімшілігі Джо Байденге билікті беру процесін бастады

<p style="text-align: justify;">Трамп әкімшілігі сайлауда жеңіске жеткен Джо Байденге билікті беру процесін бастады.&nbsp;Қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп өз әкімшілігіне осындай нұсқау берген, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұған дейін АҚШ президенті Трамп сайлаудан кейін билікті бейбіт жолмен беру туралы міндеттемеден бас тартты, себебі ол бюллетеньдерге күдіктенетінін мәлімдеді. Дональд Трамп штабы кей штаттарда сайлау бюллетеньдерін санауға қатысты сотқа шағымдануды жалғастыруда.

Ал заң бойынша әр штат желтоқсанның 12-сіне дейін президенттік сайлау нәтижесін бекітуі тиіс. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі қаңтардың 20-сы күні өтеді.

Бөлісу:
Трамп әкімшілігі Джо Байденге билікті беру процесін бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар