Аймақтар
1 мин оқу 310

Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды

<p style="text-align: justify;">Атырауда полицейлер аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Атырау қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың біріне көмек көрсетті.

"Отбасының жағдайы өте қиын. Жалғызбасты әйел төрт баласын өзі тәрбиелеп отыр, балалардың үлкені 12 жаста, ал кішілері – екі жастағы егіздер", – дейді Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Азамат Қарамұратов.

Инспекторлар азық-түлік, балаларға жылы киімдер және үйге қажетті басқа да тұрмыстық заттарды сатып алып, отбасына табыс етті.

Полицейлер тарапынан көрсетілген қолдауға риза болған жалғызбасты әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Бөлісу:
Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар